icon

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Мен парольді ұмытып қалдым, бизнес жүйесіндегі парольді қалпына келтіре алмаудамын.
    Байланыс нөмірін өзектілікке тексеру керек, содан кейін кіріс жәшігін және поштадағы спам қалтасын тексеріңіз. Егер көрсетілген екі жерде код болмаса, онда техникалық қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
  • Аккаунтты қайта тіркеу немесе электрондық почтаны ауыстыру мүмкін бе?
    Аккаунтты қайта тіркеу қатысушының жеке кабинетіндегі деректерді ауыстыру арқылы бір тұлғадан екінші тұлғаға беруді білдіреді. Біздің компаниядағы қайта тіркеу құны 30 долларды құрайды, оны алу үшін қатысушының шотында осы сома болуы керек. 5000$-дан (баллдан) жоғары балансы бар шоттар қайта тіркеуге немесе сатуға жатпайды.
  • Қаражатты алу туралы сұраныстар қанша уақыт ішінде өңделеді?
    Қаражатты алу туралы сұраныстарды өңдеу 72 сағат ішінде іске асырылады.
  • Компанияның өнімдері туралы ақпаратты қалай білуге болады?
    Ақпарат алу үшін Сіз өз аймағыңыздағы компания өкіліне хабарласа аласыз немесе біздің өнімдеріміз туралы ақпаратты өзіңіз қарастыра аласыз, сондай-ақ компанияның ресми сайтынан оқи аласыз http://www.marinehealth.asia / біздің YouTube каналымыздан біздің компанияның медициналық өкілдерінің бейнежазбаларын көре аласыз https://www.youtube.com/channel/UColOjoudFoG7gxZgzzFXtcw
  • Бизнес Академиясына кіре алмаймын, Қате логин немесе пароль деп жазылуда.
    Бизнес Академиясына кіру үшін academy.marinehealth.asia/ Бизнес жүйесі үшін пайдаланатын логин мен парольді пайдаланыңыз. Егер сізде сонда да логин мен пароль қате болса, Бизнес жүйесіндегі парольді өзгертіп, академияға жаңасымен кіруге тырысу қажет.
  • Аккаунт деректерін, дәлірек айтқанда, аты, тегі, е-mail өзгертуге болады ма?
    Егер сіз профиліңізде грамматикалық қате тапсаңыз, онда техникалық қолдау арқылы оларды түзете аласыз, бірақ тіркеу деректері толық өзгерген жағдайда, бұл операция аккаунтты қайта тіркеу арқылы жүзеге асырылады және бұл қызмет 30 долларды құрайды.
  • Реферальды/анықтамалық сілтеме көрінбейді
    Реферальды/анықтамалық сілтемені жасау үшін келесі оқыту бейнежазбасын қараңыз https://youtu.be/vmyXIfA07Fs?list=PLkb1VujT2ydyQTMphHW1oxeLK6H0OD8ah
  • Депозиттен балансқа ішкі аударымды қалай жасауға болады?
    Депозиттен қаражат тек сатып алу үшін пайдаланылады, депозиттен негізгі балансқа немесе басқа қатысушыларға аударымдар жасау қарастырылмаған.
  • Өнімнің бағасы туралы мәліметті қайдан алуға болады?
    Өнім бағаларымен Бизнес жүйеде "Өнімдер" бөлімінде танысуға болады.
  • Жеке кабинетте фотосуретті қалай тіркеуге болады?
    "Менің профилім" бөлімінде "фотосуреттерді өзгерту" функциясы бар, онда сіз негізгі фотосуретті өзгерте аласыз және қосымша фотосуреттер қоса аласыз. Сонымен қатар, келесі оқыту видеожазбасын қарауды ұсынамыз youtu.be/GR2E3PAVQmo.
  • Модульдерден өту мүмкін емес. Алғашқы екі бейне сабақтан кейін Модульдер ашылмайды, не істеу керек?
    Келесі тапсырмаларды ашу үшін барлық бейне сабақтарды қарау керек.
  • UBG сайтына қалай кіреміз?
    United Business Group компаниясының сайты мына сілтеме бойынша орналасқан: exclusivegroup.biz/
  • ******@gmail.com логиніне 150 доллар қате жіберілген, 122 долларды қайтару қажет. Бұл мүмкін бе?
    Компанияның техникалық қолдауына жазу керек. Жіберуші емес, ақша алушы жүгінуі керек.
  • Анықтамалық сілтемеге өтпейді, не істеу қажет?
    Логинді тексеру керек, өйткені логинде нүктелер мен басқа таңбалар болмауы керек.
  • Анықтамалық сілтемеде телефон номерін өзгерту қажет. WhatsApp басқа номерде, номерді қалай қосуға болады?
    Техникалық қолдау қызметіне тіркелген нөмір арқылы мәселенің себебін көрсетіп жазу керек.
  • Оқу кезінде 2-пунктті өткеннен кейін байланыс ажыратылды. Ары қарай оқуды жалғастыру үшін бастапқы 2-пунктті қайта тыңдау қажет пе?
    Жоқ, сол жақ бағанда "қарастырылған" қойындысы бар, сіз өткен бейнелер жасыл түспен белгіленеді.
  • Қандай себеппен өнімді рәсімдеу кезінде жүйе 30$ сервистік алым деп көрсетіледі?
    Компанияның кеңселері жоқ қалалар мен елдердің "Хэд офисін" таңдау қажет.
  • Өзіңнің рефералыңды оң жақтан сол жаққа қалай ауыстыруға болады?
    Егер сіз бинарлы ағаштағы адамды мақұлдаған болсаңыз, онда аудару мүмкін емес. Себебі жоғары басшыларға бонустар есептелінген.
  • Бизнес Академиясынан өткеннен кейін диплом алуға бола ма?
    Егер сіз оқуды соңына дейін аяқтасаңыз, онда диплом "Бизнес Академиясында" басты бетінде пайда болады.
  • Неліктен диеталық қоспалар Ресей нарығына қарағанда үш есе қымбат? Бір өндірушінің бірдей өнімдері болса да.
    Ресей аумағында контрафактілік өнімдер өте көп. Біздің компания жұмыс істейтін аумақтарда эксклюзивті құқықтарға ие. Сондай-ақ біздің компания тауарларды әкелу және сату кезінде сіз жазып отырған жосықсыз кәсіпкерлер жасамайтын барлық салықтарды төлейді. Біз ұзақ мерзімді бизнесті тек заң аясында ғана жасауға болады деп санаймыз. Сіз әрқашан бізден алатын өнім түпнұсқа болатынына және тиісті сертификаты бар елге заңды түрде әкелінетініне сенімді бола аласыз.
  • Қаражат алуға шектеу бар ма?
    Біздің жүйеде алу үшін ең аз сома бар, ол кем дегенде $100 долларды құрайды. Сондай-ақ, аударымдарды жіберуге шектеу бар, ол $20 құрайды.
  • Дипломды жаңа дизайнға ауыстыру мүмкін бе? Қалай жүзеге асырылады?
    Өкінішке орай, мұндай мүмкіндік қарастырылмаған.
  • Тіркеу деректерін өзгерту керек, ол үшін не істеу керек?
    Тіркеу деректерін өзгерту үшін аккаунт иесінің атынан өтініш қажет . Техникалық қолдау қызметіне хат жазып, барлық сұралған құжаттарды ұсыну қажет.
  • Бейне оқулықтарды қалай көруге болады?
    "Marine Health Group"компаниясының Бизнес академиясы МЛМ-кәсіпкерлікке онлайн оқытудың инновациялық платформасы. Бизнес жүйесі үшін пайдаланатын логин мен пароль арқылы кіру. Порталға сілтеме: http://academy.marinehealth.asia/
  • Тапсырысты рәсімдеу кезінде қандай төлем картасын таңдаған дұрыс?
    Ең бастысы, карта Visa немесе Mastercard-ты, сондай-ақ интернеттегі төлемді қолдауы қажет, сондықтан сізге осы мәселе бойынша сіз қызмет көрсететін немесе картаны ашуды жоспарлап отырған банкке хабарласуға кеңес береміз.
  • Профильді өңдеу мүмкін емес, не істеу керек?
    Компанияның профилі сіздің тіркеу деректеріңізге сәйкес толтырылған және өзгертілмейді. Егер сізде аты-жөніңізде немесе электрондық поштаңызда қате болса, Сіз компанияның техникалық қолдауына хабарласуыңыз керек.
  • Неліктен анықтамалық сілтемеде компанияның жұмыс істеу мерзімі 4 жыл деп көрсетілген?
    United Business Group холдингі 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, Marine Health Group компаниясы бұл холдингке кіреді.
  • Табыс салығы табыстың қай кезеңінен ұсталады? Кіріс алған кезде біз қандай ЖК ашамыз? ЖК кодтауды көрсете аласыз ба?
    Әрбір серіктес салық жүктемесін дербес көтереді, бұл шартта көрсетілген. Резиденттік еліне байланысты ережелер әртүрлі, мысалы, Қазақстанда біз 1000$ кірістен артық ЖК ашуға және өз кірістерімізді декларациялауға кеңес береміз. Қызмет коды ретінде "мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда" көрсетілуі керек.
  • "Апгрейд" үшін комиссия неге жоғары 37.500 теңге 320 рубль?
    Комиссияны біздің компания емес, транзакция өтетін банк белгілейді.
Copyright 2019 - 2021 Marine Health Group