Автобонус беру стандарты:
1. Табыстауға тек “TOYOTA” және “LEXUS” маркалы автомобильдер ғана рұқсат етіледі;
2. Автокөлік өкілдік сыныпта және бес жылдан аспауы керек. Автокөліктің маркасы компанияның тең құрылтайшыларымен келісілуі керек;
3. Алдын ала табыстаудан бір сағат бұрын автокөлік алушымен сұхбат және тең құрылтайшылардан құттықтаулар жазылады;
4. Автокөлікті табыстау орнын безендіру стилі корпоративтік түске толық сәйкес келуі тиіс;
5. Ұлттық костюм киген қыздар арнайы дайындалған брендті бокстағы автокөлік кілттерін компанияның тең құрылтайшысына береді, ал компанияның тең құрылтайшысы кілттерді автобонус алатын серіктесіне табыстайды;
4. Іс-шараны бір фотограф, бір бейне оператор, бір мобилограф түсіруі қажет. Материалды тапсыру 1 ден 3 күнге дейін іске асуы керек;
5. Дыбыстық аппаратура: динамиктер, микрофон, пульт, диджей;
6. Қонақтарды жинау кезінде аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық;
7. Көлікке МІНДЕТТІ ТҮРДЕ жаңа логотип жабыстырылуы керек. Брендинг стандартын техникалық қолдаудан алуға болады;
8. Іс-шара басталғанға дейін көлік компанияның арнайы тысқабымен жабылуы керек.